Алматыда Абай даңғылының учаскелеріндегі ойықтар жақын күндері мердігердің есебінен жойылады - ҚМБ
Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бергенде айтты.
«Өткен жылы Абай даңғылының Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының екі қабаты төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Алайда, бүгінде қоғамдық көліктерге арналған бөлек жолақта әрқайсысының ұзындығы 20 метр болатын 6 учаскеде ойықтар анықталды. Аталған учаскелерде асфальтбетон қабаттарынан жол жабынының негізіне дейін кернді іріктеумен зертханалық зерттеулер жүргізілді», - деді Сағындық Телібаев.
Басқарма басшысының айтуынша, іріктеу нәтижелері бойынша керндердің ортасында ойық бар екені анықталған. Бұл беріктігі төмен ескі асфальтбетонды көрсетеді, 15-тен 30 см-ге дейінгі тереңдіктегі ескі асфальтбетон өте жұқа.
Өткен кезеңдерде жиі жөнделгендіктен жұқарып қалған. «Ақауларды жою мақсатында 29 тамыз күні кешке мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында өз қаражаты есебінен жолтабанмен учаскелерді фрезерлеуді бастайды, содан кейін үш қабатты асфальтбетон төселеді»,- деді ҚМБ-ның басшысы.
Ол жалпы барлық жөнделетін жолдарда сапаны бақылау үшін техникалық және авторлық қадағалау қызметтері тартылатынын айтты. Сонымен қатар, жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды автомобиль жолдары Комитетінің жол активтері сапасының Ұлттық орталығы жүзеге асырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -