Алматыда ауқымды қалалық сейсмикалық жаттығу өтті
Бүгін Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өткізілді. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.
Шартты түрде, қалада жер сілкінісі болды, нәтижесінде күрделі жағдай, өрттер, түрлі апаттар пайда болды. Халықты хабардар ету үшін сирена-сөйлеу қондырғылары қосылып, теле, радиоарналарда хабарландыру жасалынды.
Қалада барлығы 16 пысықтау обьектілері анықталды:
«КарлсбергҚазақстан» ЖШС химиялық қауіпті объектісінде аммиак шығарумен байланысты химиялық аварияны жою бойынша іс-шаралар пысықталды.
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының базасында баспанасыз қалған адамды қабылдау пункті, шатырлы лагерь мен далалық ас үй ашылды, алғашқы көмек көрсету бойынша түрлі әрекеттер көрсетілді.
Құлагер шағынауданының көппәтерлі тұрғын үйінде өртті сөндіру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ биік қабаттардан зардап шеккендерді құтқару элементтері пысықталды.
Орталық стадионда лагерь, далалық ас үй, сондай-ақ медициналық көмекке арналған модульдік медициналық госпиталь орналасқан.
ЖЭО-1 және «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайды жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Адамдарға қызмет көрсететін қаланың әлеуметтік нысандарының базаларында ТЖД жеке құрамын және Алматы гарнизонының әскери қызметшілерін тарта отырып, ерекше адамдарды (мүмкіндігі шектеулі жандарды) қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Айта кету керек, барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, емханаларда, сауда орталықтарында және көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті.
Жалпы, Алматы қаласының сейсмикалық белсенділігін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға және «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды» есте сақтауға шақырамыз.
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларға азаматтық қорғау қызметтерінің және Алматы гарнизонының әскерелерінің жеке құрамы 1100 адам мен 60 бірлік техника тартылды.
Алматы қ, баспасқз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -