Алматыда Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күні аталып өтті
Алматы, 2024 жылғы 2 шілде – Алматыда Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері мен ҚР СІМ қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин өз құттықтау сөзінде тәуелсіздік жылдарында Республиканың мүддесін шетелде қорғаған және отандық дипломатиялық қызметтің дамуына зор үлес қосқан аға буын дипломаттарға, оның ішінде төтенше және өкілетті елшілерге ерекше алғысын білдірді.
«Ұрпақтардың сабақтастығы мен өзара байланысы – біздің ортақ жетістігіміз. Қазақстандық жас дипломаттар Сіздердің жолдарыңызды абыроймен жалғастырып, әлемдік алаңдарда ел мүдделерін ілгерілетуде», – деп атап өтті А. Рахметуллин.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күніне орай ардагерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды және бірқатар қызметкерлерге кезекті дипломатиялық дәрежелер берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -