Алматыда БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды: Астана қаласы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды

Алматы, 2024 жылғы 19 маусым – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстанға сапары қарсаңында (ү.ж. 3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысу аясында) ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның «UN Plaza» ғимаратын аралып шықты. БҰҰ-ның Алматыдағы ғимаратында Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген БҰҰ агенттіктері өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі өтті.

А.Рахметуллин қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуде БҰҰ-ның айрықша рөліне тоқталып, 32 жыл бойы біздің еліміз бен жаһандық ұйым арасындағы барлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

СІМ басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ Мемлекет басшысының орнықты даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін, әсіресе еліміздің ұлттық стратегиялары мен даму бағдарламаларының Орнықты даму мақсаттарымен және 2030 жылға дейінгі күн тәртібімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимыл мәнмәтінде Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия елдерінің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде «Барлық балалар үшін бейбітшілік пен төзімділік рухында сапалы білім беруді қамтамасыз ету» атты бірінші қарарының қабылдануы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2026 жылды Орнықты даму үшін еріктілерді халықаралық жұмылдыру жылы деп жариялау туралы қарары, Қазақстанның үміткері, белгілі қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынованың 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою комитетіне (CEDAW) сайлануы, сондай-ақ әртүрлі халықаралық климаттық бастамалар сияқты жетістіктер Қазақстанның орнықты дамуға берік ұстанымын көрсетеді.

Кездесу барысында Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру жайлы Қазақстанның бастамасының маңыздылығы да аталып өтті. «Өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Бұл Орталық бүкіл өңірдің орнықты дамуы мен гүлденуіне қол жеткізудегі маңызды үйлестіру тетігі болатынына сенімдімін», – деді дипломат.

БҰҰ-ның өңірлік мандаты бар агенттіктері Алматыда орналасқанын ескере отырып, тараптар Ұйым аясындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия алдында тұрған өзекті мәселелер бойынша жобалық іс-шараларды талқылады.

Өз кезегінде БҰҰ өкілдері Ұйым құрылымдарының ағымдағы қызметі және олардың басымдықтары туралы хабардар етті. Олар өңірлік және мемлекеттер деңгейінде де орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Осы күні А.Рахметуллин БҰҰ-ның Қазақстанда аккредиттелген бірқатар агенттіктің өкілдіктерінің басшыларымен бөлек кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ басшысы Р.Сарвар балалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған және мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан ағымдағы жобалар туралы ақпаратпен таныстырды.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі К.Вавьерниамен кездесу барысында еліміздің үш жаңа өңірінде – Абай, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда облыстарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударылды. Соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының соңында А.Рахметуллин ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметімен танысып, ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры А.Пиричпен Ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

UN Plaza (БҰҰ Плаза) ғимаратының ресми инаугурациясы 2019 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында штаттық саны 120 адамнан асатын 18 агенттік орналасқан.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар