Алматыда демалыс күндері бірнеше магистральды көше жөнделді
Алматыда қала көшелері мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір 95 көше жөнделіп, тағы 100-ден астам көшеге жұмыстар жүргізілуде. Биыл 250 шақырым болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланған.
Мысалы, өткен демалыс күндері үш магистральды көшенің бір бөлігі мерзімінде жөнделіп, көлік қозғалысы толық ашылды.
Бұл Рысқұлов көшесімен қиылысатын жолайырықтан Халиуллин көшесімен қиылысатын жолайырыққа дейінгі Құлжа тас жолының бөлігі. Тағы бір көше – Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі Тұрғыт Өзал көшесінің бөлігі. Сондай-ақ, Жандосов көшесінің Яссауи көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, 20 магистральды көшенің жөндеу жұмыстарында жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтбетон қолданылды. Жол таңбалары материалдарын өндіруші зауыттың талабына сәйкес, жөнделген учаскелерге жол таңбасы 15-20 күннен кейін сызылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -