Алматыда самбо мен қазақ күресінен ТМД чемпионаты басталды
Орталық спорт клубының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Достық армияларының XVI Спартакиадасы шеңберінде күрестің осы екі түрінен сайыстар басталды.
Турнирдің салтанатты ашылуына Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов пен Ресей, Еуропа және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Сергей Лоповок қатысты.
– Қазақ күресі елімізде кеңінен танымал. Бұл спорт түрінен жарыстар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында да өтеді, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.
Ол сондай-ақ, қазақ күресін дәріптеу жұмыстары алдағы жылы да жалғасатынын атап өтті. Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) аясында Астанада осы ұлттық спорт түрінен әлем чемпионаты өтпек.
Дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей және Тәжікстан спортшылары қатысады. Олардың арасында танымал балуандар мен бірнеше Әлем чемпиондары бар. Самбодан жарыс жеті салмақ дәрежесінде, ал қазақ күресінен бес салмақ дәрежесінде өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -