Алматыда сарбаздарға жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар табысталды: Астана қаласы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда сарбаздарға жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар табысталды

Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты күзет ротасының мерзімді қызметтегі алты сарбазы запасқа шығар алдында жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар алды.

Осыған сәйкес үш адам осы әскери институтта, тағы үшеуі беделді азаматтық жоғары оқу орындарында оқитын болады. Сертификаттар қорғаныс ведомствосының сайтында орналастырылған «Срочники 2.0» электрондық платформасы арқылы онлайн режимде бөлінді.

– Қолданыстағы регламентке сәйкес взвод командирлері жауынгерлік дайындық журналдарын жүргізіп, онда әскери қызметшінің барлық оқу пәндерінен алған бағалары мен қызметтің басқа да көрсеткіштері ескеріледі. Соның негізінде ай сайын рейтинг шығарылып отырады, – деп түсіндірді әскери институттың бастығы генерал-майор Қайрат Даутов.

«Срочники 2.0» цифрлық платформасында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің жүзден астам әскери бөлімі тіркелген.

– Қорғаныс министрлігінің осы бағдарламасының арқасында өзім көптен армандап жүрген жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алдым. Азамат болып қалыптасуыма көмектескен командирлеріме алғысым шексіз, – дейді Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіне оқуға түскен грант иегері қатардағы жауынгер Игорь Жалыбин.

Естеріңізге сала кетейік, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында радиоэлектроника, радиотехника және инжиниринг, автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік жүйелері, әскери дирижерлік, әскери журналистика, сондай-ақ әскери құрылыс бойынша мамандар даярланады.

Осы жылдан бастап әскери институт төрт жылдық білім беруге көшуде. Әскери оқу орнын бітірген соң түлектерге жоғары білім туралы диплом мен «лейтенант» әскери атағы беріледі.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар