Алматыда сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты жөнінде семинар өтті: Астана қаласы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты жөнінде семинар өтті

Семинарды ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен, Орталық Азия және Кавказ мемлекеттеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссияларымен, сонымен қатар Венадағы ЕҚЫҰ Хатшылығымен серіктестікте ұйымдастырды.

Шара ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өтті. Оған қазақстандық әскери қызметшілер, Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Германия, Дания, Италия, Қырғызстан, Нидерланды, Тәжікстан, Түрікменстан және Франция қарулы күштерінің өкілдері қатысты.

Шетелдік қонақтарды қарсы ала отырып, Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберінде сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту қағидаттарын іске асыруға бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Семинардың теориялық бөлімі Вена құжаты ережелерінің орындалуы, оған қатысушы мемлекеттердің жыл сайын өзара әскери ақпарат алмасуы және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуі төңірегінде болды.

Одан өзге «белгіленген ауданның» оқу-жаттығу инспекциясы да өтті. Әскери сарапшылар Қазақстан Әскери-әуе күштері армиялық авиациясының тікұшақтарымен Алматы және Қонаев гарнизондарын айналып ұшып өтуге және Алматы қаласындағы Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасында жерүсті инспекциясын өткізуге қатысты.

Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару-жарақ түрлерін бақылау саласындағы ынтымақтастық, ашықтық және елдер арасындағы шынайылықты тексеру режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі екенін атап өткен жөн.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Семинарды ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен, Орталық Азия және Кавказ мемлекеттеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссияларымен, сонымен қатар Венадағы ЕҚЫҰ Хатшылығымен серіктестікте ұйымдастырды.

Шара ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өтті. Оған қазақстандық әскери қызметшілер, Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Германия, Дания, Италия, Қырғызстан, Нидерланды, Тәжікстан, Түрікменстан және Франция қарулы күштерінің өкілдері қатысты.

Шетелдік қонақтарды қарсы ала отырып, Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберінде сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту қағидаттарын іске асыруға бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Семинардың теориялық бөлімі Вена құжаты ережелерінің орындалуы, оған қатысушы мемлекеттердің жыл сайын өзара әскери ақпарат алмасуы және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуі төңірегінде болды.

Одан өзге «белгіленген ауданның» оқу-жаттығу инспекциясы да өтті. Әскери сарапшылар Қазақстан Әскери-әуе күштері армиялық авиациясының тікұшақтарымен Алматы және Қонаев гарнизондарын айналып ұшып өтуге және Алматы қаласындағы Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасында жерүсті инспекциясын өткізуге қатысты.

Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару-жарақ түрлерін бақылау саласындағы ынтымақтастық, ашықтық және елдер арасындағы шынайылықты тексеру режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі екенін атап өткен жөн.

Аймақтағы жаңалықтар