Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың мамандарын даярлау мәселесі талқыланды: Астана қаласы, 13 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың мамандарын даярлау мәселесі талқыланды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Азаматтық авиация академиясының, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылары ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың операторлары мен техниктерін даярлау мәселелерін талқылады.

Тәжірибе алмасу барысында Азаматтық авиация академиясында өткен кездесуге қатысушылар оқыту бағдарламаларын қарап, қарқынды дамып келе жатқан осы саланың мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін ынтымақтастық жолдарын нақтылады. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне, оған қоса әртүрлі салаларда қауіпсіздік пен технологияны тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды.

– Біз ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың мамандарын даярлауды дамытудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Мекемелер арасындағы ынтымақтастық заман талабына сай және уақыттың тегеуріндеріне жауап беретін бірегей білім беру бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты арнайы пәндер кафедрасының бастығы подполковник Қайыртай Исабаев.

Кездесуге қатысушылар оқу орындарында мамандарды даярлау бағдарламаларындағы айырмашылықтарды атап өтіп, оларды келісуді және мамандықтарды белгілеуді нақтылады.

Оқытушылар оқу орындарының күш-жігері мен ресурстарын біріктіру жоғары білікті мамандарды даярлауға және сұранысқа ие саланы дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Азаматтық авиация академиясының, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылары ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың операторлары мен техниктерін даярлау мәселелерін талқылады.

Тәжірибе алмасу барысында Азаматтық авиация академиясында өткен кездесуге қатысушылар оқыту бағдарламаларын қарап, қарқынды дамып келе жатқан осы саланың мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін ынтымақтастық жолдарын нақтылады. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне, оған қоса әртүрлі салаларда қауіпсіздік пен технологияны тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды.

– Біз ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың мамандарын даярлауды дамытудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Мекемелер арасындағы ынтымақтастық заман талабына сай және уақыттың тегеуріндеріне жауап беретін бірегей білім беру бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты арнайы пәндер кафедрасының бастығы подполковник Қайыртай Исабаев.

Кездесуге қатысушылар оқу орындарында мамандарды даярлау бағдарламаларындағы айырмашылықтарды атап өтіп, оларды келісуді және мамандықтарды белгілеуді нақтылады.

Оқытушылар оқу орындарының күш-жігері мен ресурстарын біріктіру жоғары білікті мамандарды даярлауға және сұранысқа ие саланы дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Аймақтағы жаңалықтар