АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН 400 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ
АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН 400 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ЖАТАҚХАНА АШЫЛДЫ
24 тамызда Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясының студенттеріне арналған «Dorm 32» жаңа жатақханасының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласының әкімі орынбасары Азамат Қалдыбеков, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдігінің директоры Ұлан Өтебаев және жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов қатысты.
Жаңа студенттік үй мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жатақхананың бұрынғы ғимаратын реконструкциялау жолымен «МАЕР ТРЕЙД» ЖШС құрылыс салушы-инвестор тұрғызды.
400 орынға арналған заманауи жатақханада жайлы өмір сүруге, оқуға және бос уақытты белсенді өткізуге барлық жағдай жасалған. Студенттер үшін екі, төрт және алты орындық бөлмелер бар. Әр қабатта ас үй, душ, кір жуатын бөлмелер, сонымен қатар маусымдық пайдалануға арналған қоймалар бар. Фитнес залы, макет және оқу бөлмесі толық жабдықталған.
Жатақхана аумағы күзетіліп, тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылаулар орнатылған. Студенттер үйі жаңа оқу жылында білім алушыларды қабылдауға дайын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -