Елорда прокуратурасы «Заң керуені» акциясын ұйымдастырды
Астана қаласының прокуратурасы әкімдік пен құқық қорғау органдарының қатысуымен «Заң керуені» акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - халыққа заңгерлік көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, заңды түсіндіру және олардың мәселелерін шешуге көмектесу.
Акция аясында 150-ге жуық азамат қылмыстық істер бойынша, абаттандыру, коммуналдық қызметтерге, әкімшілік және сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты өтініш білдірді.
Барлық мәселелер бойынша кеңестер мен қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер беріліп, бірқатар өтініштер бақылауға алынды.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -