Алматыда өтетін әскери-патриоттық жастар жиынына алты елден жиналған 750-ден астам бала қатысады: Астана қаласы, 13 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда өтетін әскери-патриоттық жастар жиынына алты елден жиналған 750-ден астам бала қатысады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қорғаныс министрлігінің брифингі алдағы «Айбын-2024» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына арналды.

Жарысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысы жұмысының нәтижелері туралы БАҚ өкілдеріне Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев айтып берді.

Ол биылғы жиын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналып отырғанын жеткізді.

– Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысатын жиын Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығы мен жоғары оқу орнының аумағында өтеді, – деді ол.

Жиынның биылғы бағдарламасында «Жас сарбаз хаб» коворкинг-орталығының жұмысын бастау және «Міндет», «Абырой», «Ерлік» тақырыптық секторларынан тұратын «Сағадат» мобильді интерактивті-ақпараттық модулін іске қосу көзделіп отыр.

– Далалық жағдайда аты аңызға айналған батыр Сағадат Нұрмағамбетовке арналған «Халық жүрегіндегі қаһарман» мұражай экспозициясы ашылады. Бұдан бөлек «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» кездесуінде жасөспірімдер Қазақстанның әскери оқу орындарында қандай мамандықтарға білім алуға болатыны және оқуға түсу шарттары туралы ақпарат алады, – деп жалғастырды ол.

Сондай-ақ командалар өз елінің мәдениетін, тұрмысы мен ұлттық дәстүлерін көрсете алатын «Бірлік ордасы» интерактивті-ақпараттық экспозициясы орналастырылады.

Этноауыл алаңында асық ату, бестас, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілмек. Сонымен бірге алтыбақан мен садақ атуға арналған арнайы жер бөлінеді.

Полковник Т. Басқожаев жарыс бағдарламасымен де таныстырды. Оған кедергілер жолағымен әскерилендірілген эстафета, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны және туған жер, Ұлы Отан соғысының батырлары мен Сағадат Нұрмағамбетовке арналған әндер шырқалатын «Айбын жұлдызы» вокалдық байқауы кіреді.

Жиынның абсолютті жеңімпазы «Күшіміз бірлікте» далалық-тактикалық ойынының нәтижесі арқылы айқындалады. Мұнда бағдар бойынша жүру және жол бойындағы тапсырмаларды орындау қарастырылған. Ойынға қатысушылар жер бедерін бағдарлау, граната, пышақ лақтыру, түрлі қарудан ату, зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсетеді. Сондай-ақ байқауға қатысушылардың қарсылас авиациясының шабуылы кезіндегі және залалданған жер учаскесін жүріп өтуі секілді төтенше жағдайда әрекет ету қабілеті тексеріледі.

Брифинг соңында әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биыл «Айбын» жастар жиынында 280 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін, тарихы 2015 жылдан бастау алатын «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы жұмысының онжылдық қорытындысы шығарылатынын айтты. Мұнда балалар үшін «Жас сарбаз» сыныптарында, Smart Sarbaz үйірмелерінде және саны 8 мыңға жеткен әскери-патриоттық клубтарда оқуға мүмкіндік жасалған.

Осыған дейінгі жиынға қатысушылардың 30%-ы, яғни үш мыңнан аса жас «Жас ұлан» республикалық әскери мектептеріне, әскери колледждерге, еліміздің және шетелдің жоғары әскери оқу орындарына түскен болатын. Мұны қозғалысты ұйымдастырушылар жұмысының нәтижесі деуге болады. Осылайша, жастардың әскери-қолданбалы спорт түрлері мен робототехникаға деген құштарлығы оларды Отан қорғаушылар қатарына қосты.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар