Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады
Бұған дейін Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі Құрманғазы көшесіндегі шектеулер қыркүйектің ортасына дейін ұзартылды.
Мердігер ұйым темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты құрылыс материалдарын жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін ұзартуға әсер еткендіктен, жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болды.
Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мердігер ұйым учаскені абаттандыруға кірісті, бұл жұмыстарды ауа райының жағдайларын ескере отырып, қыркүйектің ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған аумақта ұзындығы 305 метр болатын жол бөлігінің астынан өтетін құбыр желісін қайта құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. Құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген, ал соңғы 5 жылда онда 10-ға жуық зақым жойылған.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«Алматы жылу желілері» ЖШС
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -