Алматыдағы жанып жатқан екі қабатты үйден өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды
16 мамырда сағат 12:35-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданында өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту номері бойынша жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына бір минутта, қас қағым сәтте жеткенде, 2 қабатты тұрғын үйдің төбесі және екінші қабаты жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы 100 ш.м. шарпыған, қатты улы түтіннен тұрғындардың өміріне қауп төнді. Қызыл жалын кеңселері бар жапсарлас салынған ғимаратқа тез таралу қауіпі туындады.
№ 8 ӨСБ бастығы майор Азат Темірбаев құтқару жұмыстарын жүргізуді шешуші бағыт ретінде құтқару жұмыстарын айқындады, ол үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарына қол өрт сатыларының қолдана отырып адамдарды құтқаруға кірісуге бұйрық берді.
Бірінші буын бөлімше командирі Әлімжан Бишемов, өрт сөндіруші-құтқарушы Шәкіржан Зарипов, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрсұлтан Әбдікәрімов құрамына 2-қабаттан 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Жедел кезекші Ержан Жайсанов, 8 ӨСБ орынбасары Асхат Анаркулов, қарауыл бастығы Әлиев Кудрят, бөлімше командирі Нариман Айбахунов, өрт сөндіруші-құтқарушы Ақылбек Жаңабаевтың екінші буыны баспалдақ маршы арқылы 3 адам арнайы қалпақ арқылы құтқарды, оның ішінде 1 бала сондай ақ 1 газ баллоны эвакуацияланды.
Қабылданған жедел шаралармен өрт 20 минут ішінде жойылып, жапсарлас салынған ғимараттың барлық алаңына от таралуына жол берілмеді. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ. Өрттің себебі анықталуда
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -