Алматыда ұзақ уақыт пайдаланбаған жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарылды
Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-не қатысты жүргізілген тексеру барысында жер телімін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісі анықталды. Жалпы ауданы 2,14 га жер учаскесі тұрғын үй құрылысына берілген болатын.
Департаментпен ЖШС-не аталған бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою бойынша тиісті нұсқама берілді. Алайда аталған нұсқамадағы талаптар орындалмағандықтан, Департамент жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап арыз жолдады. Алматы қаласы сотының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -