Алматыда «Жарқын күз» экологиялық науқаны жалғасуда
Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» күзгі науқаны аясында Жетісу ауданында сенбілік және аудан зейнеткерлері арасында спартакиада өтті. Спорттық жарыстар ушу, айкуне, скандинавиялық серуендеу, ерлер арасындағы жерден көтерілу, асық ойыны, доп лақтыру және дартс сияқты спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты.
«Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында Жангелдин атындағы скверде жапырақты ағаштың 150 көшеті отырғызылды.
Сондай-ақ, Көкжиек саябағында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, онда 500 түрлі ағаш, оның ішінде шаған, қайың, сәнағаша және қараған көшеттері отырғызылды.
Аудан белсенділерімен бірлесе отырып, саябақтан 350 текше метрден астам қоқыс шығарылып, 40 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Жетісу ауданы тұрғындарынан бөлек, экологиялық науқанға халықаралық ұйым – Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі жөніндегі Консультативтік кеңес, Алматы корей ұлттық орталығы және Алматы корей жастары қозғалысы қосылды. Сенбілік барысында осы ұйымдардың белсенділері Көкжиек саябағына 50 ағаш отырғызды.
«Экологиялық акцияға қатысушылардың барлығына зор алғыс білдіремін. Қазір осындай шараларды өткізу өте маңызды, олардың арқасында біз бірлесіп күш салып, қоғамға пайдамызды тигізе аламыз!», – деді Консультативтік кеңестің Қазақстандағы филиалының төрағасы Кан Ухан.
Науқанды қолдаған қатысушылар қаламыздың тазалығын және сұлулығын сақтауға әркімнің қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Сенбілік – бұл ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосудың тамаша мүмкіндігі. Осы күндері тұрғындар ауласын ретке келтіріп, оларды жайлы әрі әдемі етуге тырысады», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шакирова.
Еске сала кетейік, Алматыда 18-24 қазан аралығында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, аулада, қоғамдық орында және жол бойында түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинау жұмыстары қарқын алған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -