Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.
Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -