Алматының Алмалы ауданында қала әкімінің тапсырмасымен жыл соңына дейін 13 балабақша жөнделеді
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектеп салу бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылып жатыр. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орынды мектеп құрылысы жалғасып отыр. Бұл жұмыс биыл желтоқсанда бітуі керек», - деді Ерболат Досаев.
Қала басшысының айтуынша, қыркүйек айында №136 мектеп-гимназия ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, №58 мектепке 600 орынды қосымша құрылыс салынып жатыр, нысанды 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, қазан айында №16 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықпақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылы 1 тоқсанда басталады.
«Мектепке дейінгі білім беру саласында биыл Мәуленов көшесіндегі ғимаратты сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеу жоспарлануда, онда 145 орындық балабақша ашылады. Ол 2025 жылдың 3 тоқсанында аяқталады. Бүгінгі таңда Тастақ шағын ауданында қолданыстағы ғимараттарды бұзып, балабақша салуға ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айына дейін 13 балабақшаның материалдық-техникалық базасын жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді Ерболат Досаев.
Әлеуметтік бағыттағы нысандарға «қадамдық қолжетімділікті» құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Алматы әкімі Жамбыл мен Байзақов көшелерінің қиылысында жаңа заманауи Оқушылар үйінің құрылысы басталғанын атады. 1951 жылы салынған ескі ғимаратқа сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеді, осыған байланысты оны бұзу және жаңасын салу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -