Алматының Алмалы ауданында жыл соңына дейін 47 мың шаршы метр жол төсемі жөнделеді: Алматы қаласы, 29 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматының Алмалы ауданында жыл соңына дейін 47 мың шаршы метр жол төсемі жөнделеді

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды.

Мегаполис басшысы бүгінгі таңда ауданда ағымдағы жөндеу аясында 25 мың шаршы метр жол төсемі жөнделгенін, ал биылғы жоспар - 47 мың шаршы метр екенін хабарлады.

«Қазірдің өзінде 2,3 км тротуар жабдықталып, 2 км арық желісі салынды, қазан айының соңына дейін тағы 6,9 км арық қамтылады. Сондай-ақ, өткен айда 14 көшеде 12,5 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін Исаев көшесінде ұзындығы 1,2 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыруға тоқталған Алматы әкімі биыл жылжымалы құрам 101 автобусқа, 327-ден 428 бірлікке көбейіп, 24 маршрутта жаңартылғанын айтты.

Жалпы, Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус және 112 троллейбус сатып алынады. Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды. Қазіргі уақытта қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылды.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жұмыстарына тоқталды.

Мегаполис басшысы бүгінгі таңда ауданда ағымдағы жөндеу аясында 25 мың шаршы метр жол төсемі жөнделгенін, ал биылғы жоспар - 47 мың шаршы метр екенін хабарлады.

«Қазірдің өзінде 2,3 км тротуар жабдықталып, 2 км арық желісі салынды, қазан айының соңына дейін тағы 6,9 км арық қамтылады. Сондай-ақ, өткен айда 14 көшеде 12,5 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қыркүйек айының соңына дейін Исаев көшесінде ұзындығы 1,2 км жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыруға тоқталған Алматы әкімі биыл жылжымалы құрам 101 автобусқа, 327-ден 428 бірлікке көбейіп, 24 маршрутта жаңартылғанын айтты.

Жалпы, Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус және 112 троллейбус сатып алынады. Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды. Қазіргі уақытта қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылды.

Аймақтағы жаңалықтар