Алматының Бостандық ауданында 4 мың орындық екі «Жайлы мектеп» пайда болады
Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында ауданда 4 мың орындық екі жаңа мектеп салынуда. Қала әкімі атап өткендей, Егізбаев көшесіндегі 2500 орындық мектепті келесі оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Розыбакиев көшесіндегі 1500 орындық екінші мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 36,8 мың орындық 22 мектеп жұмыс істейтін болады. Бірінші мектеп осы жылдың 1 қыркүйегінде Әуезов ауданында № 97 ескі мектеп-гимназия орнында ашылды.Білім беру нысандарын жаңғырту үшін биыл 5 оқу орнын сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жоспарланған. Оның ішінде №70 жалпы білім беретін мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, ал №138 гимназияда осы жылдың қазан айында аяқталады.Қыркүйек айында №189 және №191 жалпы білім беретін мектептерде жұмыс басталды, олар 2025 жылдың тамызында аяқталады. №73 мектепте 2025 жылдың соңында аяқталатын 450 орындық қосымша құрылысымен жөндеу жоспарланған.Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын азайту бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 13 жекеменшік балабақша ашылды, №113 бөбекжайға күрделі жөндеу жүргізілді, жалпы жобалық қуаты 480 орындық балабақшаларға арналған ғимараттар қайта жаңартылды және №81 балабақша жөнделуде. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңында аяқталатын үш балабақшаны жөндеу жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -