Алматының орталығында кафеге қосымша салынған нысан бұзылды
Алматының қала құрылысы басқармасы Абай даңғылы 34 мекенжайда аспалы қосымша күрделі нысанның заңсыз тұрғызылғанын хабарлады.
Нәтижесінде Басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және материалдарды сотқа жолдады.
2024 жылғы 16 сәуірде Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Бөлшектеуді меншік иесі бір күн бұрын ерікті түрде жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 48 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған еді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -