Алматының Әуезов ауданында 120 аула жөнделуде
Алматының Әуезов ауданында биыл 120 аула жөнделеді. Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Мегаполис басшысы атап өткендей, 120 ауланың 23 - і күрделі жөндеу аясында абаттандырылады, қалған 97 – іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсаттарға 2,09 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар қазірдің өзінде басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Күрделі жөндеу аясында спорттық және балалар ойын алаңдары жаңғыртылып, орындықтары мен тиісті құрылғылары бар демалыс аймақтары жабдықталады.
Аулаларды абаттандыру «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі.
Әуезов ауданы халық саны мен көпқабатты тұрғын үйлер саны бойынша ең ірі аудандардың бірі болып табылады. Осыған байланысты аулаларды абаттандыру және жаңғырту-басым мәселелердің бірі. Өткен, 2023 жылы аудан әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 150-ден астам аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -