Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды
Сейдалиев Нурсултан Ақылбекұлы Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.Нурсултан Сейдалиев 1989 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.Кәсіби мансабында бірнеше маңызды кезеңдерден өтті. 2011-2012 жылдары Қызылорда облысының Әділет департаментінде, кейін Қармақшы ауданы Әділет басқармасында жұмыс істеді. 2014 жылы Қызылорда облысының Жастар саясаты басқармасында жастармен жұмыс бөлімін басқарды, одан кейін түрлі мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде ішкі саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қызмет атқарды.2020 жылдан бастап Сейдалиев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде этикалық құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері бойынша сарапшы және Агенттік Төрағасының көмекшісі қызметтерін атқарды.Осы уақытқа дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті басшысының орынбасары және Этикалық кеңес хатшылығын басқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -