Даурен Оразбеков Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды
ҚР ТЖМ бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып подполковник Даурен Оразбеков тағайындалды. Бұйрық 2025 жылғы 25 қаңтарда қол қойылды.
Даурен Оразбеков 1981 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Ол өз мансабын 2008 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесіне тыңдаушы болып қабылданғаннан кейін ішкі істер органдарында бастады. Әр жылдары жол-патрульдік полициясында жауапты қызметтерді атқарып, өз ісінің кәсіби маманы ретінде танылды.
2019-2024 жылдары Даурен Оразбеков полиция және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде, соның ішінде ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының орынбасары ретінде бірнеше негізгі лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының міндетін атқарушы болды, ал 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
ҚР ТЖМ Даурен Оразбековтың жоғары кәсібилігін және көпжылдық тәжірибесін атап өтіп, оның департамент жұмысын ұйымдастыруда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлардың алдын алуда тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -