Алматы облысы халықты көмірмен қамтамасыз ету шараларын күшейтуде
Алматы облысында халықтың көмірге деген қажеттілігі 714,3 мың тоннаны құрайды. Бұл сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ (ҚТЖ) бірлесіп жұмыс істеп, көмір тасымалдау жоспары бекітілді. Жылжымалы құрамды қамтамасыз ету үшін ҚТЖ және көмір кен орындарымен келісім жасалған.
Облыс аумағына еліміздің екі ірі көмір кен орнынан жеткізілімдер жүзеге асырылады:1) Шұбаркөл кен орны – 414,1 мың тонна көмір,2) Қаражыра кен орны – 238,5 мың тонна көмір.
Сонымен қатар, облыстың Райымбек ауданында орналасқан «Ойқарағай» көмір кен орнынан 61,7 мың тонна көмір сату жоспарланып отыр. Бұл кен орны Райымбек және Кеген аудандарын толықтай көмірмен қамтамасыз етеді. «Ойқарағайда» көмірдің бағасы тоннасына 8500 теңгені құрайды, ал жеткізу халықтың өз күшімен жүзеге асырылады.
Көмірді сақтауға арналған инфрақұрылым: Облыс аумағында көмірді сақтау және сату үшін 55 нысан (35 тұйық және 20 қойма) мен 49 өңірлік көмір операторы жұмыс істейді. Халықты көмірмен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында өңірлік операторлар көмір кен орындарымен келісімшарттар жасаған. Қазіргі уақытта 156,4 мың тонна (1352 вагон) көмір жеткізілді. Тұйықтарда көмірдің бағасы тоннасына 18 500-23 000 теңге аралығында. Қоймаларда 65,3 мың тонна көмір қоры жинақталған.
Әлеуметтік нысандардың қамтамасыз етілуі: Әлеуметтік нысандарға қажеттілік 4,4 мың тоннаны құрап, көмір толығымен жеткізілді. Тамыз айының соңында көмір тұйықтары мен өңірлік көмір операторлары тексеріліп, жаңа операторлар тізімі әкімдіктің сайтында жарияланбақ.
Көмірдің құны және тасымалдау: Темір жол тұйықтары жоқ Балқаш, Кеген, Райымбек аудандарына көмір автокөлікпен жеткізіледі. Бұл аудандарға ең жақын темір жол тұйықтары 150-200 км қашықтықта орналасқандықтан, көмірдің құны 30 000-35 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Халықты көмірмен қамтамасыз ету облыс әкімдігінің қатаң бақылауында және күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -