Алматы облысында «Жер-2024» РКШОЖ
Оқу-жаттығу аясында қатысушылар мен облыс тұрғындарына жойқын жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қауіпсіз орындарды анықтау, эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шаралар көрсетілді.
Облыста жалпы 387 нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Іс-шара барысында 2 мыңға жуық адамды эвакуациялау бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар, облыс аумағындағы 8 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал Қонаев қаласында мен 9 ауданда (Балқаш, Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Енбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Райымбек) жалпы 9 шатырдан тұратын қалашық құрылды.
Жер сілкінісінен туындаған ғимараттардың, құрылыстардың қирауы, зақымдануы салдарынан күрделі жағдай туындады, оның барысында өрттерді сөндіру бойынша практикалық іс-шаралар, инженерлік жұмыстар және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету пысықталды.
Жаттығуға жалпы 118 техника, 370 жеке құрам жұмылдырылды. Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Алматы облысының құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтері жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға жоғары дайындығын көрсетті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -