Алматы облысының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Парламент Мәжілісі пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Жұбайымен бірге әкім дауыс берген № 974 учаске Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы Алматы облысында сайлаушылардың саны – 1 400 038. Облыс көлемінде 1053 сайлау учаскесі бар. Барлық учаскелерде санитарлық талаптар сақталған. Медициналық бетперде, бір реттік қолғаптар беріліп, антисептиктер қойылған, келушілердің дене температурасы өлшенеді.
Елорда уақытымен сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Алматы облысында сайлаушылардың 28,5 % дауыс берген.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -