Алматы облысының әкімі өз таңдауын жасады
Бүгінгі, республикалық референдумге дауыс беруге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.
“Алматы облысы адам көп шоғырланған облыстардың бірі. Облыс бойынша 1 миллионға жуық халықтың дауыс беру мүмкіндігі бар. Маңыздылығын айтсақ, ертеңгі күні әр адамның дауысын есептеп, ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгін келетін адамдардың тілегі қандай болады, үкімет те соған байланысты жұмыс атқаратын болады”, - деді Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, бүгін еліміздегі АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Еліміздің кәмелеттік жасқа толған әрбір азаматы ел болашағы үшін маңызды шешімде өз таңдауын жасауға құқылы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -