Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айдын Әуесбайұлы Әуесбай 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айдын Әуесбайұлы 1981 жылы туылған, білімі жоғары, 2005 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 2012 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2024 жылы Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округ әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің әкімі, Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, «ӘӘК Қонаев» АҚ тау-кен металлургия және өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарған.
2023 жылғы 23 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -