Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Алматы облысының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері Іле өзеннің аймағында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осы іс-шаралар барысында шомылу мен балық аулауды қоса алғанда, су айдындарының жанында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге баса назар аударылады.
Қызметкерлер, еріктілер мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, аталмыш шаралар, оның ішінде мереке және демалыс күндері тұрақты және жүйелі түрде өткізеді. Бұл күш-жігер облыстың су объектілерінде хабардарлық пен қауіпсіздікті арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жәрдемдесуге бағытталған.
Алматы облысы ТЖД еске салады, су айдынындарындағы демалыс орындарында судағы қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын сақтау қажет. Келесі әрекеттерге жол берілмейді:
- алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруіне.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -