Алматы тауларындағы профилактика
Алматы қаласы ТЖД таулы-орманды жерлерде өрттің алдын алу үшін МҰТП, Алматы қаласы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Алматы қаласының аумағында орман алқаптары жоқ, алайда Іле–Алатау ұлттық паркінің 19 мың гектардан астам жер телімі және Медеу табиғи паркінің 700 гектары бар.
Ағымдағы жылдың басынан бастап қала аумағында 6,1 га аумақта 19 құрғақ өсімдіктердің жану жағдайы тіркелген. Биыл таулы-орманды жерлерде өрттерге жол берілмеді.
Осы жағдайды қолдау және өрттің алдын алу мақсатында, Алматы қаласы ТЖД Алматы қаласы табиғатты қорғау полициясымен және орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп іс-шаралар кешенін өткізіліп жатыр.
Таулы-орманды жерлерде өрттің алдын алу үшін ТЖД, табиғи ПД және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерде өрттің алдын алу бойынша профилактикалық және рейдтік патрульдеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін мобильді топ құрылды.
Бүгінгі таңда 32 рейд жүзеге асырылды, 4 мыңнан астам демалушыларға жадынамалар табысталып, 20-дан астам от жағу деректерінің алды алынды, жалпы сомасы 1 млн.теңгеден астам 21 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондықтан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске саламыз:
Демалыс орындарында өрт туындауына себеп бола алатын қоқыстарды қалдырмаңыз және өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастамаңыз, құрғақ шөпті күйдірмеңіз.
Белгіленбеген жерлерде от жағуға, мангалдарды және басқа тамақ дайындауға арналған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -