Қанат Бозымбаев Ақмола облысындағы үйлердің құрылысы мен әлеуметтік нысандардың жөнделуін тексерді
Вице-премьер Ақмола облысындағы су тасқыны салдарын жою қарқынын тексерді.
Өңірдегі барлық 551 үй қалпына келтірілмейді. 172 отбасына қайталама нарықта тұрғын үй сатып алынды.
Сондай-ақ 273 үйдің құрылысы басталды. Жұмыстар Атбасар, Бұланды, Жарқайың және Есіл сынды облыстың төрт ауданында жүргізілуде. Нысандарға 330-ға жуық жұмысшы мен 55 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. "Қазақстан халқына" қоры Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 үй салып жатыр.
Мердігерлік ұйымдардың жұмысын Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тексерді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, салынып жатқан үйлерде барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілген. Жұмыс көлемі бүгінде 40% - ға жетіп отыр.
«Асар Ақмола» қоры Атбасар ауданында 38 отбасы үшін көппәтерлі үй салып жатыр. Мұнда іргетас қалау жұмыстары аяқталып, кірпішін төсеу жұмыстары басталды. Нысанды тапсырудың жоспарланған мерзімі - қараша айының соңына жоспарланып отыр.
Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев Атбасар қаласына барып, үш көппәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Екі үйде абаттандыру және интерьерді безендіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі тамыз айының соңына дейін жалғаспақ.
Сондай-ақ, вице-премьер Атбасардағы №1 мектептегі жөндеу жұмыстарын тексерді. Себебі сәуір айында ғимараттың бірінші қабаттарын су басқан болатын. Құрылыс бригадалары мектепті 1 қыркүйекке дейін тапсыруға уәде беріп отыр.
Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер Атбасар әкімдігіне Жабай өзенінің түбін тазартуды және қаланың қайта су басуына жол бермеу үшін, жағалау бойында қорғаныс құрылыстарын салуды тапсырды. Ол үшін Атбасарға су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары жіберіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -