АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 1 курс курсантарының, жас қызметкерлердің және “Жас сақшы” полиция сыныбының тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.
Ауқымды шараға ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам белсенділері, институт ардагерлері, БАҚ өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Қонақтар алдымен Кеңес Одағының батыры Малкеджар Бөкенбаевтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Шараның негізгі бөлімінде институттың жас офицерлері, курсанттар, кадеттер, Отанымыздың нағыз патриоты болуға Ант етті.
Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Мұхаметқалиев жас сақшыларға анттарына адал болып, халық үшін адал қызмет атқаратын білімді де саналы, ел сенімін ақтайтын ұрпақ болуларына тілек білдірді.
Сонымен қатар курсанттардың ата-аналары жүрекжарды ақ тілегін арнап, оларға жарқын болашақ тіледі.
Салтанатты жиында “Саз” балалар ансамблі ән шырқап, алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларынан құралған арнайы жасақ жауынгерлік ұрыс тәсілдерінен қойылым көрсетті.
Қонақтар институттың мұражайын, мультимедиялық студиясын, криминалистикалық полигонын, казармасын көріп, курсанттардың, тыңдаушылардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Ант қабылдау салтанатына еліміздің әр өңірінен келген ата-аналар ұл-қыздарымен қауышып, қуанышты сәтке ортақ болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -