Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» азаматы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.
Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.
Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.
Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
______
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -