⚡️ Антикордың ісі бойынша СҚО-ның ҚАЖД бастығы сотталды
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы А. Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды.
Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың болмағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, Комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды.
Осы бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО:https://disk.yandex.ru/d/QSs0x32ZXjajOw______
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -