Апаттар медицина орталығының фельдшері - әмбебап маман
Он жылдан астам уақыт бойы Астана қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығының филиалында фельдшер Серікбай Ахметжанов еңбек етіп келеді. Астана қаласының аумағында да, одан тыс жерлерде де төтенше жағдайларды жоюға бірнеше рет қатысты.
2013 жылы Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде көмек көрсетті. 2017 жылы жиынтық медициналық жасақ құрамында Атбасар қаласын су басу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетті. Сол кезде 70 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. 2018 жылы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысының тұрғындары боран мен қардың салдарынан ауруханалар мен перзентханаларға кіре алмады. Серікбай медициналық бригада құрамында мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсетіп, 117 адамды эвакуациялады, оның ішінде үш босанған әйел. 2019 жылы су тасқыны кезінде Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғындарын 30 астам адамды құтқарды. 2023 жылы Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.
Барлық қиындықтарға қарамастан, ол өз жұмысын өте жақсы көреді.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -