Апаттар медицинасы орталығы «Өрт-2024» РКШОЖ қатысты
Ағымдағы жылдың 15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерінде Апаттар медицинасы орталығының құрылымдары «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығу шеңберінде филиалдар мен трассалық медициналық-құтқару пункттерінің табиғи өрттер туындаған кезде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Апаттар медицинасы орталығы Абай облысының «Семей Орманы МОТҚ» аумағында далалық мобильді госпиталь орналастырды.
АМО құрылымдары жедел әрекет етуге және ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -