АППАРАТ КЕҢЕСІ
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Жиында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары және халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы сұрақтар қаралды.
Бірінші сұрақ бойынша сөз Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдай департаменті бастығының м.а. Шыңғыс Самиев баяндады. Өңір басшысы өз кезегінде облыс аумағында қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолда бар барлық мүмкіншілікті пайдаланып, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газды анықтаушы датчиктер орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізуді тапсырды.
Күн тәртібінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуде шалғай жатқан ауылдарға назарды күшейту мәселесі де айтылды. Бұл ретте өңір басшысы Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасына әсіресе қыс мезгілінде бақылауды күшейту міндетін жүктеді.
Сонымен қатар, облыс әкімі білім беру мекемелерінде дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзуға жол бермеу қажеттігін қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -