Қарғалы ауданындағы өнер мектебі мен спорт кешені жаңа оқу жылында балаларды қабылдайды
Өңір басшысы Қарғалы ауданына жұмыс сапары
нда Бадамшада
салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен өнер мектебіне барды. Екі нысанның да құрылысы ұзаққа созылған. Биыл мердігерлер оларды халық игілігіне беруге міндетті.
А
удан орталығындағы
дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2018 жылы басталды.
Бірінші мердігер жосықсыз деп танылып, онымен арадағы келісімшарт бұзылды. Нысан құрылысы осылайша ұзаққа созылды.
Былтырғы жылдың соңында жаңа мердігер
ретінде
«Baspana Build» ЖШС анықталып, ол кешен құрылысын аяқтауға уәде берді. Бүгінгі таңда мұнда барлық әрлеу жұмыстары аяқталған. Компания спорт нысанын
ың қалған құрылысына
126 млн.теңге
жұмсады
.
Осы спорт мекемесінің қасында орналасқан Бадамша өнер мектебінің іргетасы төрт жыл бұрын құйылды. Алайда, құрылыс материалдары бағасының шарықтауына байланысты жоба бірнеше рет түзет
уге жіберілді
. Қаржы мәселесі шешілгенімен, нысанның құрылысы тоқтап қалды.
Бүгінде бұл екі қабатты ғимараттың да ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқта
лды
.
Енді «Стройком+Сервис» ЖШС нысан аумағын абаттандыруы тиіс. Мектеп
–
150 орын
дық
. Жұмыс құны 600 млн теңгені құрады.
«Өнер мектебін де, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін де тұрғындар ұзақ күтті. Оқушылар қазір жазғы демалыста. Сол себепті, абаттандыру мәселесінде асығыс танытудың қажеті жоқ. 1 тамызға дейін уақыт бар. Толықтай құжаттамалық, тағы сыртқы
жұмыстарды аяқтаңыздар», - деп облыс әкімі мердігерлер мен жауапты мемлекеттік орган басшыларына
нақты
тапсырма берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -