"Арқар" көпірінен "Марал" көпіріне дейінгі және Мәңгілік Елден Сарайшыққа дейінгі учаскелер жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Арқар" көпірінен "Марал" көпіріне дейінгі жол айрығының оң жақ съезінде және Мәңгілік Ел даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі сол жақ съезінде жол төсемін жөндеу және гидрооқшаулау қабатын қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 19-30 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскелер толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -