Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы тегін консультация өткізеді
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы биылғы жылдың соңғы акциясы ретінде «Бақытты сағаттар» шарасын өткізуде. Қараша айы бойы, әр сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қала тұрғындары тегін медициналық қызметке қолжеткізе алады.
Акция аясында акушер-гинекологтың қабылдауы, кіші жамбас ағзаларына гинекологиялық УЗИ (көрсетілімдер бойынша), күндізгі стационар жағдайында сауықтыру шаралары және отбасын жоспарлау бойынша консультациялар ұсынылады.
Тегін қызмет алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Қабылдау кезек тәртібімен жүреді.
Мекен-жайы: Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -