Нұра ауданында "Осал топ" санатындағы 10 отбасы баспаналы болды
Тұрғын үйге кезекте тұрған Нұра ауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды. Қоныс тойын 10 отбасы тойлайды.
Пәтер ауданы 80–86 шаршы метрге дейін. Оларды халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері алды.
Жаңа қоныстанушылар қатарында көпбалалы ана Меруерт Бейсембекова бар.
– Біздің төрт баламыз бар. 2021 жылдан бері кезекте тұрдық. Әрине, біз тез баспана алатынымызға сенбедік. Пәтер кең, жарық. Ұлдар қазірдің өзінде өз бөлмелеріне жайғасып алды. Жақын арада пәтерге кіреміз деп ойлаймын, – дейді Меруерт.
Жыл басынан бері Нұра ауданында барлығы 61 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 34 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -