Қарағандыда 6 қазан күні қалалық және қала маңындағы автобустар тегін жүреді
Қарағандыда 6 қазан, референдум өтетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттардағы автобустарда жол жүру тегін. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүретін болады.
Дүйсенбі, 7 қазан күні қоғамдық көлік жұмысы штаттық режимге оралады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -