Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды: Қарағанды ​​облысы, 21 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды

Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті?

Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді.

Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелеріне толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесі сияқты т. б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды.

64,0 балл жинаған Қазақстан АҚШ, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сауд Арабиясы және басқа елдерден озып, "С+" бағасын алды.

Қорытынды балл үлес салмағы бойынша өлшенген қосалқы индекстік бағалардың нәтижелерін жинақтау жолымен алынды:

"Лайықтылық" қосалқы индексі бойынша - 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан, мысалы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Индонезиядан, Оңтүстік Африкадан озып кетті); "Тұрақтылық" қосалқы индексі бойынша - 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Швейцария, Чили, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түседі); "Тұтастық" қосалқы индексі бойынша - 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Швеция, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және басқа елдерге қарағанда жоғары).

Жоғарыда келтірілген сандардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның тұрақтылық (жалпы рейтингіде 8-орын) және тұтастық (16-орын) қосалқы индекстері өте жоғары бағаланды. Республиканың зейнетақы жүйесіндегі нығайтуды қажет ететін неғұрлым осал орны – лайықтылық қосалқы индексі бойынша (47 орынның 41-сі) сипатталды.

Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткішінің лайықтылығын арттыру бойынша мынадай ұсыныстар жасады:

ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру; үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру: зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту; өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру; зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу.

Жаһандық зейнетақы индексінде бала туудың төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына қатысты жалғасып жатқан үрдістерді ескере отырып, зейнетақы жүйелерін жетілдіру қажеттілігі атап өтіледі. Ол туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да айтылды: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 және одан егде адамдар саны 5 және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек».

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет жыл сайынғы рейтинг - Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, бірден 64,9 балл жинап, 20-орынға ие болды. 2024 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан тізімнің тура ортасындағы орынды иеленді. Ал бірінші орынды Нидерландының зейнетақы жүйесі сақтап, 84,8 балл жинады. Атап кетейік, Нидерландыда 2028 жылға қарай барлық зейнетақы жоспарларын жинақтаушы жүйеге (DC) толық көшіру жоспарланып отыр. Индексте бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйелері белгіленген төлемдердің (DB) жоспарларынан едәуір алшақтап, бекітілген жарналардың (DC) жүйелеріне ауысып жатқандығы атап көрсетілген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Сарань»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар