Қарағандыда халықаралық IT-конференция өтеді
"Террикон алқабы" ІТ-хабында 12 қазанда өңірдегі алғашқы халықаралық конференция өтеді. Жергілікті мамандар мен кәсіпкерлер кәсіби өсуі мен жаһандық табысқа жетуі үшін қажетті жаңа білім мен технологияларға қол жеткізе алады. Конференцияға қатысу тегін.
Әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың атынан 12 сарапшы баяндама жасайды. Спикерлер өнімді әзірлеу, бағдарламалық жасақтама архитектурасы, жаңа технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибелерімен бөліседі. Олар цифрлық шешімдерді енгізудің техникалық аспектілерін де, бизнес жағын да қамтиды. Сондай-ақ, бағдарламада идеялар мен тәжірибе алмасу үшін жалпы желілік сессиялар бар.
Іс-шара орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-форматта өтеді. Бұл әлемнің кез-келген нүктесінен кез-келген адамға қосылуға мүмкіндік береді. Қатысушылар үшін барлық баяндамалардың жазбалары мен презентация материалдары қолжетімді болады.
"Террикон алқабы" стартаптар мен технологиялық бастамаларды белсенді қолдайды. Халықаралық IT-конференцияны өткізу - бұл өңірді инновациялар орталығы ретінде дамыту стратегиясындағы қисынды қадам және Қарағандының елдегі IT саласына өсіп келе жатқан ықпалын растау", - дейді ІТ-хабтың СЕО маманы Сабир Ниязов.
Конференцияға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://share.kz/gapA.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -