Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов референдумда өзінің дауысын берді
Теміртау әкімі Ғалым Әшімов атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға дауыс берді. Қала басшысы Қарағанды индустриалды университетіндегі №319 учаскеде өз таңдауын жасады.
Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда дауыс беруге арналған 59 учаске жұмыс істейді. Референдумға қатысушылардың тізімінде 116 мыңға жуық тұрғын тіркелген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -