Қарағандыда Жас мемлекеттік қызметші мектебінің түлектеріне дипломдары табысталды
Қарағанды облысында Жас мемлекеттік қызметші мектебінің кезекті маусымы аяқталды. Жоба көп жылдардан бері сәтті іске асырылып келеді. Оның міндеті – мемлекеттік қызметті жастар арасында танымал ету, жаңа форматтағы болашақ мамандарды даярлау.
Биыл байқауға Қарағанды университеттерінің төртінші курс студенттері мен магистранттары қатысты. Іріктеуден 28 адам өтті. Оқудан кейін мектеп тыңдаушылары жұмысқа орналасуға көмектесетін дипломдар мен сертификаттар алды.
Ең бастысы – мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер болашақта қолдана алатын практикалық дағдылар.
"Оқу үдерісіне ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалы базасында өткен интерактивті тренингтер, фасилитациялық сессиялар мен ой-талқы кірді. Жобаға қатысушылар өз дағдыларын дамытып қана қоймай, мемлекеттік қызметтің нақты ахуалын көруі үшін тәжірибеге ерекше назар аударылды", – деп атап өтті Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында.
Мектеп түлектері де командалық жұмыс дағдыларына ие болды. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынас этикасын үйренді, тиімді коммуникациялар, жобалық менеджмент туралы білді.
Болашақта жобаға қатысушылар президенттік Жастар кадрлық резервінің пулына кіруге үміттене алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -