Қарағандылық акробаттар дуэті әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ерлер жұбы Даниэль Диль мен Вадим Шуляр спорттық акробатикадан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Жарыстың финалында қарағандылық спортшылар Испания (28.080) және Әзірбайжан (28.340) өкілдерінен жеңіліп, 28.040 ұпай жинады.
Халықаралық біріншілік Гимараес қаласында (Португалия) өтті. "Мультиусос-де-Гимараес" аренасында 29 елдің акробаттары өнер көрсетті.
Тұғырдың үшінші сатысына Қарағанды акробаттары Вадим Шуляр мен Даниэль Диль көтерілді.
Өткен жылы олар Бирмингемдегі Дүниежүзілік ойындардың (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындары) Әлем чемпиондары және қола жүлдегерлері атанды. 2023 жылы – Әлем Кубогы кезеңіндегі үздіктер атағына ие болды. Спортшылардың тәлімгерлері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Сергей Вертянкин және Ирина Балагутина.
Қарағанды гимнастика мектебінің жас буыны да қуанды. Аралас жұп Илларион Мацымоха – Диана Высоцкая әлем чемпионатының финалистері болды. Руслан Мелешко – Алиса Котова дуэті жетінші орынға ие болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -