Қарағандылық боксшы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Шахтинск қаласының спортшысы Расул Асанханов 2006–2007 жылдары туған жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Боксшы 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Халықаралық чемпионат Будвада (Черногория) өтті. Онда 73 елден келген 600 спортшы өздерінің шеберлігін көрсетті.
Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Расул Асанханов ширек финалда қытайлық боксшы Куо Чаоны жеңді. Бірақ жартылай финалда Өзбекстаннан келген ауыр салмақтағы Халимджон Мамасолиевке жеңіліп қалды. Нәтижесінде қарағандылық әлем чемпионатында қола медальды қанжығалады.
– Жеңіске жету үшін маған тәжірибе мен төзімділік жеткіліксіз болды. Бірақ мұның бәрімен жұмыс жасауға болады. Жаттығуда бұдан да көп еңбек ететін боламын. Әлем чемпионатына дайындық 8 айға созылды. Көптеген оқу-жаттығу жиындары мен спарринг-сессиялар өтті. Ұлттық құрамаға түсу қиын болды, – дейді қарағандылық боксшы.
17 жастағы Руслан Асанхановтың жақын арадағы жоспары – Қазақстан, әлем және Азия чемпионаттарында жеңіске жету. Ересектер ұлттық құрамасының мүшесі болуды да көздейді.
Айта кету керек, биыл Руслан Гасанханов Астанада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшыны Дархан Дүйсембеков жаттықтырады.
Ақпарат Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен алынды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -