"Кванттық кескіндеме": Қарағандылық суретшісі Ева Натанованың жеке көрмесі
"Алтын ғасыр" галереясында 22 қараша күні сағат 18:30-да қарағандылық суретші Ева Натанованың жеке көрмесі ашылады. Майлы кескіндеме техникасында орындалған 40-тан астам жұмыс ұсынылады.
Ева Натанова бала кезінен сурет салады, өнер мектебінде оқыған. Содан кейін Қарағанды педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірді. Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы, "Бұқарадағы Суретшілер" жобасының мүшесі. 30 жылға жуық сурет салады.
– Көрме көп жылдық қызметтің нәтижесі ретінде. Менің туындыларым – жарық сыйлайтын кескіндеме. Менің суреттерім жанды оятады, үйлестіреді, тыныштандырады. Мен негізінен маймен жұмыс істеймін, бірақ жақында акрилмен жұмыс істей бастадым, декупаж техникасын қолданып, витражды контурларды қолданып көрдім. Көрмеде май мен акрилдің комбинациясы көрсетіледі. Мен ашық, қанық түстерді, әсіресе қышқыл реңктерді жақсы көремін. Майлы кескіндемеде маған бұл жарқын реңктер жетіспейді, сондықтан мен акрилмен екпін қоямын, – дейді суретші.
Ева Натанованың жұмысын басқалармен шатастыруға болмайды, дейді галереяда.
– Ева – қызықты және ерекше суретші. Оның жұмысы жарықтығымен, экспрессиясымен ерекшеленеді, көрушіні аспанға қалықтатады. Сіз олардан түсінікті, жердегі тақырыптарды таба алмайсыз. Сондықтан да оларға шому қызықтырақ, – дейжі "Алтын ғасыр" галереясының жетекшілерінің бірі Бибігүл Исполова.
Көрме 27 қарашаға дейін жалғасады.
Кіру тегін.
Галерея мекенжайы: Комиссаров көшесі, 35а.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -